Bugin
Фото: depositphotos.com
Заңгер Арман Шәріпов қарындасын қалай өлтіргені туралы сұмдық оқиғаны айтып берді. Ол күйеуінен жәбір көрген әйелге жайбарақат қарамау керектігін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Көреміз” бағдарламасына сілтемежасап хабарлайды.
Заңгер қарындасының ауыр тағдыры туралы:
"Осыдан сегіз жыл бұрын қарындасымның жағдайы сіз секілді болды. Ол 2 жыл бойы күйеу баламның тарапынан зорлық-зомбылық көрді. Ең сорақысы – соңында қайтыс болды. Мен қарындасыма сан рет: "ұрды ма бір рет? Сол кезден бастап кетіп қал, не қыласың оны",- дедім. Бір рет қол көтерген еркек өмір бойы қол көтеріп отырады.
Мен 4 қыз асырап отырмын. Үйленгеніме 21 жыл болды. Әлі күнге дейін әйеліме қолымның ұшын тигізбедім. Мен үшін ійеліне қол көтерген еркек еркек емес. Оған көйлек кигізіп қою керек негізі",-деді.