БІЛІМ

Қатты жер сілкінісі кезінде қалай аман қалуға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Жер сілкінісі кезінде көп адам есін жоғалтып, қате шешімдер қабылдайды. Ол шешім өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы Алматыда жер сілкінісі кезінде тұрғындар биік ғимараттан секіріп кеткен. Bugin.kz тілшісі жер сілкінісі кезінде өмірді қауіпке тікпей қалай аман қалуға болатыны туралы материалды назарларыңызға ұсынады.

American Rescue Team International (ARTI) құтқару бөлімінің бастығы және апат менеджері Дуг Коп жер сілкінісінен соң, 875 ғимараттан адамдарды аман алып шыққан. Ол – 60 елде құтқару жұмыстарына қатысқан маман. Бүгін біз оның кеңестерінен топтама ұсынамыз.

1) Жер сілкінгенде қираған ғимараттан адам секірсе, өліп кетуі әбден мүмкін. Ондай кезде көлікте жан сауғалау да өмірге қауіпті.

2) Адамдардың инстинкті дүниеге келмей тұрып қалыптасады. Сәбилер мен жануарлар кішкене қуысқа құмар келеді. Сол үшін ғимарат құласа да, тірі қалуға жеткілікті кішігірім қуыстар болады. Сол жерге жасырыныңыз.

3) Ағаштан жасалған ғимараттар жер сілкінісі кезінде қауіпсіз болады. Себебі, ағаш иілгіш. Сейсмикалық толқын әсерінен иіліп, бұралып тұрады. Ағаш ғимарат құлап кетсе, қашып кетуге болатын үлкен қуыстар пайда болады. Кірпіш ғимараттар жеке кірпіштерге бөлінеді, бұдан жарақат алуыңыз мүмкін. Бірақ ең қауіптісі – панельден салынған ғимараттар.

4) Түнде жер сілкінісі болса, төсектен тұрыңыз. Ең қауіпсіз жер төсек айналасында болады. Қонақүйлерде әр бөлменің есігіне жер сілкінісі кезінде төсек түбіне жақын жерде жатыңыз деген нұсқау ілінсе, көптеген адамның өмірін сақтап қалуға болады.

5) Егер жер сілкінісі кезінде есіктен немесе терезеден қашып құтыла алмасаңыз, төсек немесе үлкен орындықтың жанына еденге жатыңыз.

6) Құлаған ғимараттың босағасында тұрғандардың барлығы дерлік қайтыс болған. Өйткені есік жақтауы құлап кетуі мүмкін.

7) Жер сілкінісі кезінде ешқашан баспалдақта тұрмаңыз. Өйткені солар бірінші құлайды. Сондай-ақ ғимараттан лифт арқылы емес, баспалдақпен түскен қауіпсіз.

8) Мүмкіндігінше ғимараттан тез шығып кету үшін оның есігіне жақынырақ барып тұру керек.

9) Көлікте жан сақтағанда биік ғимараттардың немесе бағаналардың жанына тоқтаса, олар көлікке құлап, адамдар қаза табады.

10) Менің тәжірибемде қағаз үйінділері ең үлкен қауіпсіздік қуыстарын жасайды. 1996 жылы біз бұл аман қалу әдістемесінің дұрыс екеніне көз жеткізетін фильм түсірдік. Түркияның федералды үкіметі, Ыстамбұл университеті және ARTI ғылыми сынақ өткізу үшін күш біріктірді. Ішінде 20 манекен бар мектепті қираттық. 10 манекен қолдарын бастарына бүгіп, 10 манекенді "өмір үшбұрыштарына" орналастырдық. Жер сілкінісін имитациялаған соң, қираған ғимаратқа кіріп, фильм түсірдік. Бұл фильм Түркия мен Еуропаның, АҚШ-тың, Канаданың және Латын Америкасының басқа елдерінің теледидарларында көрсетілді.

Бұл зерттеудің негізгі қорытындысы: үстел астын паналап жүргендердің жойқын жер сілкінісінен аман қалуға мүмкіндігі жоқ.