Bugin
Фотоо: видеодан скриншот
Кеше түнде Қытай мен Қырғызстан территориясының шекарасында 7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
ТЖД хабарламасында:
"Бұл көрші мемлекетте болған жер сілкінісі. Қытай мен Қырғызстан территориясының шекарасында болды. Біздің елге жету себебі - жер сілкінісің тереңдігі 5 шақырым болды, сонымен қатар, оның күші 7 баллға жеткендіктен бұл барлық Орта Азия мемлекеттерінде және біздің Қазақстанда сезіліп отыр", - делінген.
Оқиғада тұрғындар басынан өткерген сұмдық жайт туралы мына сілтемеден көре аласыздар. Оқиғадан зардап шеккендер туралы мына сілтемеден көруге болады.