Bugin
Фото: Bugin.kz
Ел аумағына Батыс антициклоны әсер етеді. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман және боран болады. Екпінді жел соғады. Ауа-райына байланысты еліміздің 10 өңірінде есерту жарияланады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысының шығысында бұрқасын соғады. Солтүстіктен жел соғады. Түнде облыстың шығысында жел екпіні – 15-20 м/с. Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында көктайғақ жалғасады.
Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 18-23 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұманды ауа-райы. Облыстың тау асуларында бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың тау асуларында 15-ел екпіні 20 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады. Күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасынболады. Солтүстіктен жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.