Bugin

“Қазақтар бізден жақсы өмір сүреді”: өзбектер Қазақстан байлығына қызығушылық білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Өзбекстандық эксперт Қазақстан экономикасы 1991 жылдан бастап жақсы жүйеленгенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Fikrat you tube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан географиясына" арналған бағдарламаға Ихтиор Есонов  спикер болады. Ол Қазақстанның байлықтары туралы:

"Қазақстан пайдалы қазбаларға аса бай. "Бізде мынанша алтын бар" деп мақтанамыз ғой. Біздегі байлықтар Қазақстанның байлығының жартысына де жетпейді. Олар өте бай ел. Көп адамдар "Қазақстан бізден жақсы өмір сүреді, олардың өмірі керемет" деп айтады. Олардың жер асты қазба байлығы көп. Одан тыс, Қазақстанның эканомикасы 1991 жылдан кейін дұрыс жолға қойылған. Дүние жүзінің мұнай қорының үштен екі бөлігі Қазақстанда орналасқан. Ол дегеніміз 39,6 млрд баррель, немесе 6,5 млрд тонна мұнай. Мұнайдың басым бөлігі Каспий теңізінде орналасқан. Табиғи газ да Қазақстанда көп. Әлемнің 1,7 пайыз газды әлемге Қазақстан береді. Ол дегеніміз 1,82 трлн метр куб газ Қазақстанда. Сонымен қатар, Қазақстан  - ең ірі уран өндіретін елдің бірі. Біздегі уран ештеңе емес. Қазақстанның уранының қасында. Қазақстан бекерден бекерге құдіретті ел емес. Әлемнің 21 пайыз ураны Қазақстанда. Ол – 1,69 млн тонна уран. Қазақстан сатамын десе, уранының өзі жетеді. Қазақстан уран қазып алатын мемлекеттер арасында әлемде екінші орында тұр. Елестете беріңіз. Сондай-ақ, Қазақстан қара және түсті металлдарға аса бай. Мысалы Өзбекстанда түсті металл болғанымен қара металл жоқ. Сол себепті бізде металл өндірісі қиын. Сатып алуға мәжбүрміз. Ал Қазақстанда бәрі бар. Қорғасын, цинк, хромид, алтын, висмут, мыс, молибден, альюминий, темір рудасы, марганец, көмір, фосфоридтер және басқа да Менделлев кестесіндегі байлықтар Қазақстанда толып жатыр",-деп қызығушылығын білдірді.