Bugin

"4 студент қалып қалған": ҚазҰУ жатақханасының қирағаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. Яндекс

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек брифингте жер сілкінісі кезінде студенттерді эвакуациялау қимылдары қалай жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Министрдің айтуынша, Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 198 мың студент білім алып жатыр.

"Алғашқы жер асты дүмпулері туралы ақпарат келгенде біз дереу әрекет еттік, барлық студенттер шұғыл эвакуацияланды. Барлығы тәртіппен өтті. Ректорлар мен проректорларға, студенттік ұйымдардың жетекшілеріне алғысымды білдіремін", деді Саясат Нұрбек.

Жер сілкінісі кезінде тараған жалған ақпарат туралы да пікірін білдірді.

"Өкінішке орай, ҚазҰУ-дың №6 және №8 жатақханаларында құрбандар мен қираулар болды деген жалған ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз дереу ақпараттық хабарлама жібердік, біздің өкілдер барлығын орнында тексерді, бар-жоғына көз жеткізді. Ұсақ жарықтар пайда болды, бірақ құлау қаупі жоқ. Тиісті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінде жағдай толығымен бақылауда, біз барлық ректорлармен байланыстамыз", - деді Саясат Нұрбек.