Bugin

Алматыдағы жер сілкінісі: жарақат алғандардың саны көбейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны артты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендерге көрсетілген көмек туралы айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 23 қаңтар күні сағат 17:00-дегі ақпарат бойынша Алматы стационарларына 67 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Оның ішінде 55 ересек адам және 12 бала бар екені айтылды.

"Сегіз адам ауруханаға жатқызылды (үш ересек және 5 бала), қалған науқастар барлық қажетті тексерулерден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Үш ересек пациент жедел медициналық жәрдем ауруханасында. Науқастардың бірі қазіргі таңда операциядан кейін реанимацияда жатыр, оның жағдайы ауыр деп бағаланады. Екі науқас орташа ауырлықтағы жағдайымен травматология және ортопедия бөлімінде", делінген басқарма хабарламасында. 

Сондай - ақ, балалар жедел жәрдем орталығында төрт балаға емдік шара жүргізіліп жатыр. Олар алты айлық, жеті айлық және 7, 16 жастағы балалар. 

"Олар жарақатты үйде құлаған кезде алған. Сәбилерге қатысты бір сәби анасының қолынан, екіншісі бесіктен құлап кеткен. Барлық балалардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесі, тұрақты деп бағаланады. Нейрохирургия және травматология бөлімшесінде ем алып жатыр. Хирургиялық операциялар жасалмады, емдеу консервативті түрде жүргізіледі", делінген хабарламада.