Bugin

Алматыда жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алматыдағы полиция қызметкерлері жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратушыларды іздестіріп жатыр. Құқық қорғау органдары кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарлардың авторларын анықтап жатқанын айтты.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп ескертті Полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары азаматтарды тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды.