Bugin
"Бармысың бауырым" бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Сұрауы бар" YouTube арнасына сілтеме жасап.
Қымбат Досжан Жәнібектің ісін қолға алғаннан кейін шетелден біршама ата-ана хабарласқан. Олар да балаларының сұрауы бойынша биологиялық анасын тауып беруді өтінген.
"Олардың бәрі менде бөлек жиналып тұр. Бәріне жауап қайтарып, сөйлесіп отырмын. "Бізге Ресейден алуға кеңес берді. Бірақ біз Ресейден алуға қашқақтадық. Себебі ол жерде тастанды балалардың көбі ішіп кеткен аналардан қалады. Бізге ондай тұқым керек емес. Бізге таза тұқым керек" деді олар", - дейді журналист.
Бұл бір ғана адамның айтқан жауабы көрінеді. Америкалық зерттеушілер қазақтың қанын ең жоғарғы санатқа жатқызған.