Bugin

Елордада бала күтуші үй иесін тақырға отырғызды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада бала күтуші үй иесінің бар алтынын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Елордалық полицейлер 1 млн 762 мың теңге сомасында шығынды құрайтын алтын бұйымдар ұрлығын ашты.

Үй иесі хабарландыру бойынша балаларына күтуші тапқан. Ол жұмыста болған кезде, күтуші үй иесінің зергерлік бұйымдарын жымқырып кеткен. 

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында үйде бала күтуші болып жұмыс істеген 46 жастағы күдіктіні құрықтаған.

Ұрлық фактісі бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, әйелдің бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріліп жатыр. Ол бұрын алаяқтық үшін сотталған болып шыққан.