Bugin
Фото: ашық дереккөз
Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер қанша уақытқа созылатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Спикер Қырғызстан мен Қытай аумағында болған сейсмикалық оқиғадан кейін 100-ден астам афтершок тіркелгенін, алматылықтар 5-тен астам жер сілкінісін сезінгенін атап өтті.
"Мысалы, Түркия мен Сириядағы былтырғы жер сілкінісінен кейін афтер дүмпулер әлі де болып жатыр. Бұл туралы жаңалықтардан да оқып жатырсыздар. Жойқын сілкініс күтіле ме дегенге келсек, жоқ. Күшті жер сілкінісі болмайды деп 100% айта аламын. Олар әлсірейді, жоғалады. Ешқандай қауіп жоқ", — деп жауап берді сейсмолог.
Сондай-ақ ол қала тұрғындарын жерасты дүмпуін сезсе, нұсқауға сәйкес әрекет етуге шақырды.