Bugin

“Дәретхана қағазы қауіпті”: проктолог үлкен дәретті қалай тазалау керек екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Дәретхана қағазын қолдану дұрыс емес. Бұл туралы Bugin.kz проктолог Мақсұт Жакипов парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжірибелі дәрігер барлық адам қате жасайтын әрекет туралы:

“Туалетте бәрі дәретхана қағазын қолданады. Бірақ дәретхана қағазы тік ішек аймағындағы қабыну ауруларын туғызады. Үлкен дәрет шығаратын жердің терілері өте нәзік, жұқа. Нәзік тері қабатын бумагамен сүрткен кезде тырналып, терінің беті ашылып кетеді. Ал терінің беті ашылса, инфекция ішіне түеді. Проктологиялық проблема туындамас үшін құйрықты жуып алыңыз. Дәретхана қағазымен тек құрғатыңыз”,-деді.