Bugin

“Қазір ол балалар үлкен”: АҚШ-та зорланған қазақ балалары туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: janar_baisemiz парақшасынан

Жанар Байсемізова Массачусетс штатында асырап алған ата-аналарының тарапынан зорлық көрген бір қыз, бір ұл туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Abay.live арнасына сілтеме дасап хабарлайды.

Жанар Байсемізова сот уақытында Массачусетс штатында болған. Бірақ балалармен кездесе алмаған. Ол туралы:

"Қызылжардан алып кеткеп бір қыз, бір ұлды асырап алған ата-анасы зорлап келген. Мен ол штатта болдым. Ол балалармен кездесуге қанша рет өтініш жасадым. Ешқандай мүмкіндік бермеді. Сотқа біздің елшіліктің өкілі қатысты. Қазақстан басқа ештеме істей алмайды.

Сот үкімімен азғындар сотталды. Балалар басқа отбасыға жіберілді. Қазір ол балалар үлкен”,-деді журналист.

Балалардың бір отбасыннан айырылып, екінші отбасыда басқа күй кешкені, эмоциялық күйін түсіну қиын.

Журналист:

“Негізі біз көп жағдайда адамды адам ретінде қарамаймыз. Бізде солай немкеттілік бар”,-деп ашынды.