Bugin
Фото: depositphotos.com
Бүгін түнде Қытайда Қырғызстан шекарасына жақын жерде алты жер сілкінісі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкіністері:
Алғашқы жер сілкінісі 00.09-да болды. Эпицентрде қарқындылық 8 балдық болды. Құмтөр аймағында жер асты дүмпулері 6 балдық, Қаракөл мен Қажы-Сайда - 4,5 балдық, Нарында - 4 балдық, Бішкекте - 3 балдық дүмпу;
екіншісі 00.42-де болды. Оның қарқындылығы 6 балдықұрады. Құмторда – 4 балдық, Қаракөл мен Қажы-Сайда, Нарында – 3 балдық;
үшіншісі 6 балдық қарқындылықпен 1:36-да тіркелді. Құмтөр аймағында жер асты дүмпулері 3,5 балдық, Қаракөл, Қажы-Сай, Нарында 3 балдық;
төртіншісі 2:57-де 5 бал қарқындылығымен орын алды. Құмтөр кен орнындағы жерасты дүмпулерінің күші шамамен 3 балдық;
бесінші 6 балдық қарқындылығымен 5:19-да болды. Қырғызстанда Құмтордағы жер асты дүмпулері 3 балдық;
алтыншы 7:18-де тіркелді. Оқиғаның қарқындылығы 5,5 балдық болды. Құмторда – шамамен 3 балдық дүмпу сезілді.