Bugin

"Анасының қолынан құлап кеткен": Алматыдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Алматыдағы жер сілкінісінен  67 адам зарда шеккені белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Адамдар үрейленіп үйлерін тастап, зардап шекті. Көбінде дислокация мен абразия бар. Дәрігерлер тексергеннен кейін көбі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Бірақ ауыр науқастар да бар. 33 жастағы науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Зәресі ұшқан әйел үшінші қабаттың терезесінен секіріп, сүйектері сынған. Барлығы сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Екеуі травматология бөліміне жіберілді. Зардап шеккендердің арасында 12 бала бар. Олардың жарақаттарының көпшілігі құлаудан болған. Науқастың ең жасы небәрі алты айлық. Анасы абайсызда баласын қолынан түсіріп алған. Тағы бір бала төсектен құлап кеткен.

 Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінің бас дәрігері Ермек Желдібаев:

"Бір науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Сан сүйегінің, жамбас сүйектерінің сынуы бар. Аралас жарақат, ми шайқалу, жабық бассүйек-ми жарақатын алған",-деді.