Bugin
Фото: depositphotos.com
Жылыой ауданы Құлсары қаласында жастар арасында өзара келіспеушілік болды. Жанжал соңы мектеп оқушысының өлімімен аяқталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға қаланың сырт жағында болған. Қақтығыста жастардың арасында мектеп оқушылары да бар болып шықты. Жанжал кезінде М. Сатыбалдиев атындағы орта мектептің 2006 жылы туған, 11-сынып оқушысы пышақ жарақатынан ауруханаға жетпей қайтыс болған.
Жалпы бұдан бөлек 2006-2007 жылы туған екі бала түрлі дене жарақатын алған. Тағы бірнеше жарақат алғандар аудандық ауруханаға жеткізілді.