Алматыда алапат өрт шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан кадр: t.me/Zanamiviehal

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Бүгін таңғы сағат 7 шамасында Первомай өнеркәсіп аймағында қоймадан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Департамент өкілі:

"Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Сағат 7:20–да алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде нысан толығымен отқа оранған еді. Сонымен қатар, шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жақын маңдағы бөлімшелердің күш-құралдары жіберілді. Өрттің үлкен аумаққа таралуының себебі – өрт  туралы кеш хабарлау. Сондай-ақ ең жақын орналасқан Боралдай кентінің 9-өрт сөндіру бөлімінен арақашықтық – 15 км. Облыс орталығынан - 87 км", - деп атап өтті.

Өрт сағат 9:12–де оқшауланды. Жақын маңдағы қоймаға оттың таралуына жол берілмеді.Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің және өрт зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61