Bugin

Екібастұзда жүкті әйел биіктен құлап көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Екібастұзда 30 жастағы жүкті әйел биіктен құлап, оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де әйелдің биіктен құлағанытуралы хабарланған.

"Медициналық бригада шақыртудың бірінші санаты бойынша шықты. Жедел жәрдем бес минутта жетті. Оқиға орнында 30 жастағы жүкті әйелдің мерт болғаны анықталды", – делінген станция мәліметінде. 

Полиция департаменті аталған оқиға жөнінде әзірше түсінік берген жоқ.