Bugin
Фото: depositphotos
Елімізде вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Парламент мәжілісінің депутаттары кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, вейпке тыйым салу мәселесі үш жыл бойы қызу талқыланып келеді.
"Қазіргі кезге дейін бейресми ақпаратқа сүйенсек вейптердің таралуы 200 есеге өскен. Олар қазір қаптап тұр, барахолкадан немесе кез келген дүкеннен балалар сатып ала береді. Сондай-ақ жуырда "Балалар қоры" атты қоғамдық ұйымның кішігірім әлеуметтік зерттеуі бойынша алматылық балалардың 80%-і, астаналық балалардың 83%-і вейп қолданады деген ақпарат шықты. Бұл өте қауіпті үрдіс. Біз оған тоқтау салуымыз керек. Сол себепті біздің қазіргі бағытымыз – балаларды осындай қауіп-қатерден, денсаулығына зиян келтіретін індеттен сақтау. Позиция осы", - деп түсіндірді депутат мәжіліс кулуарында.
Вейп сату және таратумен айналысқандарға арнайы әкімшілік жаза қолданылады.
"Вейпті сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекет үшiн – 5 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, деді.