Bugin

Жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: аәлеуметтік желіден

Жезқазған-Петропавл тасжолында болған апат салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 

"23 қаңтарда сағат 16:00 шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл тасжолында Peugeot және Toyota Camry көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Peugeot және Toyota Camry көліктерінің 2 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Жантүршігерлік жол апатынан тағы бір отбасы қаза тапты