Bugin
Бұрынғы әкесі 7 жасар қызды сіңлісімен қосып соққыға жыққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
7 жасар қыздың анасы Таңшолпан халықтан көмек сұрайды. Оның бұрынғы күйеуі әлі күнге дейін олардың мазасын алады екен. Үйге келіп әйелін тепкілеп, қыздарының шашын жұлып кететін көрінеді.
"Шашымыздан жұлады. Ұрады. Есікті ашса қорқып отырамыз. Сіңліммен бірге ұрады", - дейді 7 жасар қыз.
Ал оның анасы экс-күйеуіне 25 рет хаттама толтырылса да, аңдуын қоймай, ұрып-соғып кететінін айтты.
"Тәртіп сақшыларын шақырсақ, ешқандай құқық бұзушылық көріп тұрған жоқпыз дейді. "Өткенде мұрынымды сындырды ғой" десем, "ол өтіп кеткен" деп бастарын ала қашады. Қай қалаға көшсек те, артымыздан келіп, қорқытқанын қоймайды", - дейді келіншек.
Қазір Таңшолпан екі қызымен дағдарыс орталығына орналасты.