Bugin
Балалар үйінен бала асырап алған отбасы "тамақты көп жейді" деп қайтадан өткізіп жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Abay Live YouTube арнасына сілтеме жасап.
Сұхбатта Жанар Байсеміз сұмдық жағдайды айтып берген.
"Белгияға 2009 жылы барғанда кішкентай қызды түсірдім. Сол қызды қазақ отбасы балалар үйінен асырап алған. Бірақ "тамақты көп жейді" деп қайтадан өткізген. Ол сол жылдары Караван газетіне де шықты. Сол қызбен кездестім. Оның Белгиядағы ата-анасы маған сол газетті көрсетті. Ол қандай әдемі қыз болған. Қазақтар "мешкей" деген қызды шетелдіктер асырап адам қылды",- дейді журналист Жанар Байсеміз.
Сонымен қатар ол адамдардың өтірік мақтануын сынға алды.
"Қазақ деген, біз ғана кереметпіз деудің қажеті жоқ. Шетелдіктер біз туралы өте кедей деп ойлайды. Бала сататын дәрежеде", - деді ол.