Bugin

"Комада жатты": Маңғыстауда 15 жастағы мүгедек оқушыны 10 бала жабылып ұрған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облысында мүгедек баланы ұрып-соққан жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қарақия ауданының Құрық ауылында 15 жастағы оқушыны он бала жабылып ұрған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленушінің анасы Әсем Рахымбердиева:

"Мейрамбекті 10-12 бала сол жерде сабайды. Қасындағы дос баласын пышақ тығамын деп қорқытқан. Сол үшін құтқара алмаған. Сағат 19:56-да үйге келгенде бірден жедел жәрдем шақырдым. Оның алдында, 24 сәуірде тура осындай жағдай болған. Тағы он бала сабады. Ол кезде баланың жағдайы өте нашар болды. Төрт-бес күн комада жатты",-деп айтты.

Оқиға өткен аптада болған. Досымен бірге донер жеуге бара жатқан 15 жастағы жасөспірімді қатарластары ұрып кеткен. Жәбірленуші екінші топтағы мүгедектігі бар жан екен. Алған жарақатына байланысты бала ауруханада жатып ем-дом алып, қазір үйіне шығарылған. Мұндай оқиға былтыр да болған көрінеді. Ол кезде де 9-сынып оқушысын он шақты бала өлімші етіп сабап, бес күндей комада жатқан. Осыдан кейін жиі талмасы ұстап мүгедектік беріліпті. Тіпті сабақты үйден оқитын жағдайға жеткен.

"Былтырғы төбелестен кейін еш әрекет етпеген полиция енді бапты өзгертіп жатыр", - дейді анасы. Айтуынша, жақында 1-іс бойынша сараптамадан өту үшін баласы Астанаға кетуі керек болған. Алайда соның жолын кескісі келген бұзақылар баламды тағы таяқтап кетті деген анасы күдігін жасырмайды.

Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары Байжан Байгелді:

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция кінәлі адамдарды анықтады. Қылмыстық істі департамент бастығы бақылауына алды. Ал 2023 жылы болған оқиға бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды",-деді.