Bugin
Фото: depositphotos.com
Өзбекстанда шығарылғанына 14-15 жылдан асқан көліктер жарамсыз болып қалады. Бұл қадамға өзбек билігі экологияны сақтау үшін барып отыр. Бұл туралы Bugin.kz oz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан Экология министрлігінің мәліметінше, Ташкенттегі ауаның ластануына ағаштарды заңсыз кесу, көліктерден шығатын зиянды газдар, көмір мен мазут түтіндері себеп болып отыр.
"Ірі қалалардағы, соның ішінде Ташкенттегі ауаның ластануы электр және жылу энергиясы көздерінің көлемінің ұлғаюымен, автокөлік шығарындыларымен байланысты. Олардың жағымсыз әсерін азайту үшін тиісті шараларды әзірлеу қажет", - деді министрлік.
Минстрлік тарапынан 2010 жылға дейін шығарылған барлық көліктерге тыйым салу ұсынылды.