Bugin
Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК
Канвон қаласында (Оңтүстік Корея) Австрия мен Қазақстан құрамалары арасында 3х3 хоккей турнирінде үшінші орын үшін кездесу өтті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесудің нәтижесінде 6:5 (1:4, 2:1, 2:1) есебімен қазақстандық спортшылар жеңіске жетті. Осылайша олар Жастар ойындарының қола жүлдегері атанды. Алтын үшін финалдық кездесу Латвия мен Дания құрамалары арасында өтеді.
Енді 2024 жылы Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанның медаль қоржынында үш жүлде бар: бір алтын және екі қола. Ойындар 1 ақпанға дейін жалғасады.