Bugin

Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желіден

Танымал ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы ақын Серікзат Дүйсенғазин өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Ағайын, бүгін Қалқаман Сарин досым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырындағы Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Абыройлы қызмет болсын деп тілеймін!", – деп жазды Дүйсенғазин.

Қалқаман Сарин бірнеше телеарнада бағдарлама жүргізушісі болған. Соңғы жылдары "Шалқар" радиосының директоры болса, кейін "Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" басшысы болды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызының жағдайы белгілі болды.