Bugin

Ер адам туған інісінің үйін көңілдесіне сыйлап жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Інісінің үйін заңсыз жолмен иемденіп, тоқалына сыйға тартқан ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы адвокат Тілеужан Кішкенебаевтің инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Жәбірленуші Рахман Шалқар өзінің атына жазылған үйден айырылып қалған. Оның ағасы үйді заңсыз құжаттар дайындап, тартып алған. 

"Туған інісінің үйін алу мақсатында заңсыз құжат(жеке куәлік) жасатып, үйін тартып алып, тоқалына сыйға тартқан Ержан есімді азаматқа қатысты сот үкімі шықты", - дейді адвокат. 

Сот шешімі бойынша, айыпталушы Ержан Шалқар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.