Bugin
Жанар Байсеміз дәрігерлер босанған аналарды алдап, бала сатқаны туралы тың ақпаратты айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Abay Live YouTube арнасына сілтеме жасап.
Жанар Байсеміздің мәліметінше, оған көп аналар "балаң өлді" деп, сатып жібергені туралы айтқан. Яғни дәрігерлер баланы шетелге сатып отырған. Журналист оған көбі сенбейтінін айтты.
"Көбі "өтірік, неге баланың денесін сұрамайды?" дейді. Ал баласынан айырылған аналарға дәрігерлер "көміп тастадық" деп айтқан. Осы жағдайдан кейін көп аналар жазды маған. "Балам сап-сау боп туылды. Алып кетті. "Өлді" деп айтты" дегендер өте көп. Негізі бізге кішкене білім деңгейімізді көтеру керек. Мысалы жас кезде баласын тастап кетіп, есі кіріп, ақылға келіп баласын алып кетуге барған қыздар болған. Бірақ оларға өз баласын бермей жіберген", - дейді ол.