Bugin
Журналист Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Сұрауы бар" YouTube арнасына сілтеме жасап.
Қымбат Досжан 2000 жылдары перзентханада жұмыс істейтіндер бума-бума ақшамен жүргенін айтты.
"Жәнібекті асырап алған ата-ана электронды почтамен Жәнібекті көрген. Ешқандай ауруы жоқ, сап-сау бала. Сүйкімді. Олар келгендегі мақсаттары "Жәнібекті алу" болған. Келгенде қалтасында біздікілер сұраған ақша болған. Сол ақшаны алып келген. Оны бір кісіге берген. Бірден. Қолма-қол. Ол анық. Бірақ кімге бергені, қанша бергені әзірге айтылмайды. Ол ертең шығады. Бұл жерде мен ұйымдасқан қылмыс туралы айтып тұрған жоқпын. Кеңес Одағы кішкентай балаларды азаптағандарды 40-50 жылдан соң соттады ғой. Олардың қартайып кеткеніне қараған жоқ. Осы жерде де сол заң іске асу керек деп ойлаймын. Ол адамды мен және редакторым білеміз. Адам белгілі. Жақсы жұмыс істеп жүр. Ол кезде ол адам тіпті жас болған", - деді журналист Қымбат Досжан.