Екі ер адам "жын шығарамыз" деп 42 жастағы әйелді өлтіріп қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Аққорған ауданында екі ер адам "жын шығару" кезінде 1981 жылы туған әйелді өлтіріп кеткен. Оқиға 2023 жылдың шілдесінде болған еді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл іс 2023 жылдың 22 желтоқсанында қылмыстық істер бойынша Аққорған аудандық сотында қаралды.

Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы 35 жастағы Рахим Болтабоев пен 44 жастағы Юсуф Торахожаев 2023 жылдың 16 шілдесі мен 20 шілдесі аралығында алдау жолымен бөтеннің мүлкін алу үшін сөз байласып отырған. Аққорған ауданындағы Кахрамон ықшам ауданында тұратын 42 жастағы әйелдің үйіне екі ер адам барған.  Оған "жын кіріп кеткен" деп сендірді. Сосын "демалу" керек, "жын шығару" үшін емделу керек деп айтады.

Ер адамдар күн сайын таңғы сағат 5:00-де әйелдің үйіне барып, бір сағат бойы "жын шығарумен" айналысқан. Олар "емдеу" кезінде әйелдің кеудесіне, ішіне, екі қолына, аяғына балғамен, темір қазықпен, өзімен бірге ала келген темір шынжырмен күш қолданған. Осы арқылы әйел ауыр жарақат алып, 2023 жылдың 20 шілдесінде өз пәтерінде қайтыс болды.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, әйелде: кеуде қуысының жабық жарақаты, омыртқа жотасының орта сызығы бойынша сол жақ 2-ші және 3-ші қабырғасының сынуы және ығысуы, іштің жабық жарақаты, қабырғасына қан кетуі, 2 бүйрек, асқазан, ішек және іш қуысы, көлденең тоқ ішектің жарылуы, ішкі қан кету, гемоперитонеум, постгеморрагиялық және жарақаттан кейінгі шок, т.б. жарақат анықталды.

Айыпталушы Рахим Болтабоев пен Юсуф Тораходжаев Қылмыстық кодекстің 25-бабының 168-бабының (алаяқтық) 2-бөлігінің "б" тармағында және 102-бабының (Абайсызда адам өлтіру) 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот Рахим Болтабоевты 3 жыл, Юсуф Торахожаевты 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Жазасын жалпы режимдегі колонияларда өтеу керек.

Оқиға Өзбекстанда болған. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61