Bugin

"Сенімен сөйлеспейді": Кореяда жұмыс істеп жағдайын жасаған жігіт басынан өткергенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан арнасының видеосынан скриншот 

Дипломын ала сала Кореяға барған Едіге қазақ қыздарына рақметін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Түркістан” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Едіге Қазақстаннан Кореяға Ташкент арқылы барған. Қолына дипломын ала сала 2019 жылы Кореяға жол тартады.

"Кореяда ақшаң мен үйің болмаса, қымбаттырақ машинаң болмаса, қыздар саған көзінің қырымен де қарамайды. Ойын бөліп, сенімен сөйлеспейді де екен. Қазақтың қыздарына рақмет! Олар жағдайыңа қарамай, "бірге көтерілеміз" деп айтады ғой",-деді Едіге Әлшен.