Bugin
Фото: www.instagram.com/dinatansari
Шымкенттік әке жылдар бойы өгей қызын қорлап келген. Қызды ұрып-соғып жүргені туралы "Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі хабарлады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Отырар сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қыздың әпкесі хабарласып, араша сұраған. Қыз — кәмелет жасына толмаған мектеп оқушысы. Ол қазір балаларды бейімдеу орталығында, үйіне қайтқысы келмейді.
Қорға қыздың туыс әпкесі хат жазып, араша сұраған. Белсенді WhatsApp мессенджеріндегі жазбаның үзіндісін жариялады. Туысының жазуынша, қорлық көріп келген қыз қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған балаларды бейімдеу орталығында және ол үйіне барғысы келмейді. Өгей әкесі қызды қатты ұрып-соғып, шашын жұлады екен. Қазіргі таңда ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр. Өйткені бала бұған дейін де бейімдеу орталығынан соң, ата-анасына қайтарылған. Түзелудің орнына ұрып-соғу жалғасқан.
Қыздың анасы да соққы астында қалып, жәбір көреді екен. Ол қазір екі баласымен дағдарыс орталығын паналаған.
Аталған видеоға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева желідегі парақшасына:
"Шымкенттік қыздың қорлық көру фактісі бойынша былтыр сәуір айында арыз келіп түскен. Сол жағдайдан кейін қыз кәмелет жасына толмаған балаларды бейімдеу орталығына орналастырылды. Әкімшілік іс қозғалды. Кейін қыз үйіне оралды. Ал қазір қайтадан сол орталықты паналап отыр. Қазіргі таңда ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр. Сот отырысы күтілуде. Анасы мен тағы екі бала дағдарыс орталығына орналастырылды. Заңгерлер мен психологтар олармен жұмыс істеп жатыр. Осы факт бойынша қалалық прокуратурамен жұмыс істеп жатырмын",- деп жазды .
Оқиға видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.