Bugin

"Аяқ-қолыңды берші, қор қылмашы": қапыда мүгедек болған жігіт жан сырын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан скриншот

"Сұрауы бар" бағдарламасына "Қанаттылар" инклюзивті театрының директоры Арнұр Ысқақов сұхбат берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол ойнап көмек сұраған адамның кесірінен қапыда мүгедек болып қалған. Бірақ өмірге берілмей, кино түсіріп, театр басқарып жүр. 

"Ішіп жүрген адамдарға "аяқ-қолыңды берші, қор қылмашы" деймін. Сенің проблемаң не? Араққа сылқия тойып, не үшін өмір сүріп жатырсың? Мен жай таңертең көзімде ашам да, олай істей алмаймын. Аяғын қозғап, есінеп, керіліп-созылудың өзі бақыт қой. Сен аяғыңды қозғай алсаң, бақыт емес пе? Сен сол үшін алғыс айт. Басқасы проблема емес. Сен бақайыңды қозғалттың да, отырдың, тұрдың, киініп, жуынатын бөлмеге барып, жуынып шықтың. Одан артық не керек?

Мен көзімді ашамын. Күтемін біреудің келгенін. Біреу киіндіріп көмектескенін күтемін. Мен тәуелдімін. Әжетханаға отыру қайда? Біреу киіндіреді, жуындырады. Отырғызғанын күтемін. Біреуге бағынышты адаммын",-деп жан сырын бөлісті.