Bugin
Фото: @Dubai Racing Club
Додада әлемнің түрлі елінен жиылған жылқылардан оза шапқа Кабирханның құпиясы белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Дала дүбірі" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дубайда өткен дода Кабирхан маңына шаң жуытпады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жылқылар қазақстандық жылқының шаңына да ілесе алмады.
Жылқының иесі Тілек Мұханбетқалиев есімді азамат екен. Ол бәйге туралы:
"Кабирханды қазақстандық ат бегіден 2 жасында сатып алдым. Оны Америка аукционынан сатып алып келген екен. Оны қаншаға сатып алғаным құпия. Еуропалық атақты тренер Аслангерей Шавуев Ресейге қайтып келді. Ұлты – ноғай. Сонымен келісіп, дайындадық. Бізді Ресейде ешкім менсінбеді. Оларда ат та, ипподрам да көп. Оларда бақталастық қатты",-деп айтты.
Ресейде жылқы бір рет екінші болып қалған екен. Бірақ иесінің айтуынша, жеңген жылқы туралы емес Кабирхан туралы 30 минуттық кино түсірілген. Барлық бапкер жылқыны еуропалық бәйгеге шабуы керек екенін айтқан. Иесі құммен шауып үйренген жылқыны шөп үстінде шабатын Еуропа бәйгесіне қоспапты.
Кабирхан алғашында өзге жылқылардан қалып кеткен. Иесі теріс қарап отырған. Тек 500 метр қалғанда ғана қараған. Жылқы бәйгенің алдында келе жатқан. Тілектің бар арманы – қазақ жылқысында қазақ шабандоз шапса екен дейді. Әзірге жылқыға шетелдік шабандоз мініп жүр.
Жылқы қуатты, әрі жылдам. Ат иесі дұрыс тактика қолдану арқылы жеңіске жетіп жүргенін айтты.
Жылқының шабысын мына видеодан көре аласыздар.