Bugin
Фото: Instagram парақшасынан алынды
Айтыскер ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов шығармашылығындағы жаңалығын айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ақынның парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол желідегі парақшасына:
"Әуелден өнер адамы екенім бәріңізге аян. Бірақ өмірдің бұралаң жолы мені саясат сахнасына алып келді. Бүгінде әр күнім кешегі көрерменді сағынумен өтеді. Кейінгі он айда есіме түсетін бақытты сәттерім аса көп емес. Сондай сәттердің ең тәттісі – осыдан екі жыл бұрын өткен шығармашылық кешім. Содан бері қарбалас жұмыстардан уақыт үнемдеп, сіздермен тағы бір жүздесудің ретін келтіруге барымды салудамын. Шүкір. Оның да орайы келген сияқты.
Сонымен, Ақпан айының 10-ы күні, Алматыда. Республика сарайы. Сағат 19:00-де өздеріңізді “Абайлаңыздар” атты музыкалық кешке шақырамын.
Кеш түгелдей жанды дауыста өтеді. Өздеріңізге танылған әндерді Қазақ сахнасының жұлдыздары: Мейрамбек Беспаев, Ғаділбек Жаңай, "Заман" тобы, Нұржан Шөкенов, Мақпал Исабекова, Ермек Меденов, Бибігүл Қилымхан, Әсет Есжан, Айсауле Қайырғазина, Ұлжан Ағлақова, Нариман Әбдірахманов, Азат Дулатұлы, Құралай Өтепова, Ерсейіт Әлиев, т.б "Алатау" ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды.
Уақыт тауып келген көрермен өкінбейді. Біз сіздерді сағына күтеміз!
P.S. Мемлекет қаржысынан бір тиын да жұмсалмайды",-деп жазды.
Оқырмандары оны қолдап, кешіне сәттілік тіледі.