Bugin

"Қалың қар жауады": Алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Синоптиктер 27-29 қаңтар күндері ауа райы қалай болатынын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Болжам бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік және шығыс облыстарда қар жауып, бұрқасын болады. Ал оңтүстік облыстарда қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады. 29 қаңтарда оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады.

"Демалыс күндері температура аясында айтарлықтай өзгерістер болмайды", - делінген хабарламада.