Bugin
Фото: depositphotos
Полиция Алматы қаласында болған жер сілкінісі кезінде жалған хабарлама таратқан 28 жастағы әйелді ұстаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта желіде жалған ақпарат таратқандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"Қоғамда және әлеуметтік желіде орынсыз үрей тудырған жалған хабарламалардың авторларын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда фейк хабарламардың авторларының бірі – 1995 жылы туған әйел адам анықталды. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі", делінген полиция хабарламасында.
Ведомство өкілдері жалған, негізсіз ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін де ескертті.
"Осы себепке байланысты біз дереккөзі күмән тудыратын ақпараттарды таратпауға және олардың таралуына көмек көрсетпеуге шақырамыз. Ресми деректерге ғана сену керектігін ескертеміз", делінген департамент хабарласында.