Bugin

"Бейіттің жанында тұрмын": Адасып кеткен ер адамның денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жылыойда жоғалған адамның денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті. 

"24 қаңтар күні Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Ақкиізтоғай ауылы маңынан 9 қаңтар күні тұрғылықты мекен-жайынын шығып, қайта оралмаған 1985 жылы туған аудан тұрғынының мүрдесін анықтады. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды",- делінген хабарламада.

 Із-түссіз жоғалған адам 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында “коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім” деп анасына хабарласқан болатын.