Bugin
Фото: pexels.com
Қызылордада маса күйде көлік басқарған жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері Қорқыт ата көшесінің бойында Volkswagen Touareg маркалы автокөлік жүргізушісін жол белгілері талаптарын сақтамағаны үшін тоқтауын сұраған. Алайда, ол-полиция талабына бағынбай, қалаға іргелес елді-мекендегі Қарауылтөбе ауылына қарай қашып, күріштік алқабына түскен.
Тосқауыл жасауға көмекке келген полиция нарядының қызметкері Volkswagen Touareg автокөлігінің алдынан жаяу шығып тоқтатқан уақытта жүргізуші заңды талабына бағынбай, полиция қызметкерін қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Ауыр дене жарақатын алған тәртіп сақшысы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.