Bugin

Алматыда тағы жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

27 қаңтарда сағат 15:03-те орталықтың сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, оның шығу аймағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,0. Магнитудасы MPV 5,5. Тереңдігі 5 шақырым. Алматыда MSK-64 шкаласы бойынша сезімталдық 2 балл болды.