БІЛІМ
Фото: bugin.kz
Bugin Holding негізін қалаушылары Лондонда өткен әлемдік Bett Show көрмесіне қатысып, шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Bett Show – білім беру технологияларының жыл сайын өтетін ең ауқымды көрмесі. Биыл да бұл іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен ұстаздар мен мамандар жиналды. Сонымен қатар 600-ден аса инновациялық компания өкілдері де болды. Білім беру саласында өзіндік орны бар Bugin Holding-тің Daryn Online, Ordagen сынды компаниясының негізін қалаушылар да осы ірі көрмеге қатысты.
"Біздің мақсатымыз – әлемдік EdTech компания құру. Қазір осы мақсатымыздың негізінде Өзбекстан нарығына шықтық. Мұндай инновациялық көрмелерге жиі-жиі қатысып тұрамыз. Өйткені сол арқылы өзге компаниялармен тәжірибе алмасып, өзіміздің де жұмысымызды әлемге жеткізе аламыз. Bett Show да біздің дамуымызға пайдасын тигізетін көрменің бірі болды", - дейді Bugin Holding директоры Айбек Қуатбай.
“Қазіргі таңда білім саласында көпшілігі жасанды интелектке көңіл бөліп жатыр. Алайда Bloom's 2 sigma сынды білім саласының мәселесін әлі шешетіндей өнім жоқ. ЖИ арқылы жасалған дүниенің көбісі адамның идеясынан туғандықтан, олар проблеманы шешуге емес, жеңілдетуге бағытталған. Ал жалпы өзіме Кореяның шешімдері ұнады әрі осы істе біршама алда екен”, - деді Bugin Innovation басшысы Асқар Мақсат.
Bugin Holding өкілдері Bett Show көрмесінде білім саласының дамуына қатысты әлемдік тенденцияларды игеріп, инновациялық компаниялармен ынтымақтастықты нығайтты. Оқу сапасын жақсартуға көмектесетін жаңа технологиялар мен инновациялық білім беру шешімдерін табуға көмектесетін көрмеде отандық ІТ компания бірнеше шетелдік компаниямен келіссөздер жүргізді. Осындай ынтымақтастық нәтижесінде Ordagen компаниясы ұлыбританиялық балаларға арналған "Why?" кітабын қазақ тіліне аударып, "Неге?" атты су жаңа энциклопедия оқырманға жол тартты.