Bugin
Фото: Видео скрині
Жапонияда жер сілкінісінен қазірге дейін 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз https://t.me/buginkz_kz/5204
Жапонияда жер қатты сілкініп, билік адамдарға эвакуациялану қажетін ескертті, мыңдаған үй жарықсыз қалды, әуе және теміржол қатынастары бұзылды.
Магнитудасы 7,6 балл жер сілкінісі Жапон теңізінің жағасында биіктігі 1 метрге жететін толқын тудырған.
Жапон метеорология агенттігі Исикава, Ниигата және Тояма префектураларының жағалауында цунами қаупі барын хабарлады.
“Тұрғындар жаңа дүмпулерге дайын болуы тиіс”,- деді Жапония премьер-министрі Фумио Кисида.