Bugin
Фото: t.me/Sayasat Nurbek
16 жастағы өнертапқыш Асылжан Абдуллаев ІТ саласына деген қызығушылығы арқылы 3 ЖОО грантын да жеңіп алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Арнайы қосымшаны наурыз айына дейін іске асырамыз. Себебі серверлер жоғалып кетпейді. Америкада өтетін байқауға өтінім жібердік. Іріктеу сынынан өтіп, жартылай финалға жолдама алдық.
ІТ саласында шекара жоқ. Ауылда отырып та, өзің қалаған жобаны іске асыра аласың. Әрине, көп байқауға қатысу мені шыңдады.», — деді Асылжан Абдуллаев.
Шетелдік мамандардың қызығушылығын тудырған жеткіншектің жобасы - Qazaq GPT. Қазақ тілінде сөйлейтін жасанды интеллект сұраққа сурет, дыбыс, мәтін, есеп арқылы да жауап бере алады.
Асылжан Абдуллаев өз жобасын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин көрсеткен. Жасөспірім қос министрдің қазақ тілді жобаны ЖОО студенті емес, қарапайым мектеп оқушысы жасағанына қатты таңғалғанын айтады.
Қызылордалық оқушы өз білімі мен жобаларының арқасында Кореяның Сеултех университетінің грантына ие болып, цифрлық технологиядағы ізденісін тереңдете түсуді жоспарлап отыр.