Bugin
Фото: finance.yahoo.com
Борышкер болу - ешкімге ұнамасы анық. Қарыздың салмағын ойлап, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғандар қаншама. Кейбіреулер несиесін төлей алмай қиналса, енді біреу банктен қашып жүреді. Дегенмен миллионнан аса берешегін төлеуді ұмытып кететіндер де кездеседі екен. Bugin.kz тілшісі көп мөлшерде несиесі бар адамдар тізімін ұсынады.
Адальберто Гутиеррес есімді азаматтың мемлекет алдында 23 мың долларға жуық қарызы бар.Ол банк жүйесінен өз ақшасын овердрафт түрінде алып, ұйымға 18 колумбиялық песо (2,6 тг) қарыз болған. Алайда овердрафт бойынша алынған қаражаттың пайызы өте үлкен. 2008 жылы банк қызметкерлері Адальберто Гутиеррестің жаңа мекен-жайын тауып, оның қолына 90 миллион колумбиялық песо қарызы бар деп жазылған құжаттарды тапсырған. Бүгінде бұл шамамен теңгеге шаққанда 10 млн 284 мыңды құрайды.
Сильвейн Морто есімді азамат мұраға алынған ақшаны инвестициялауға шешім қабылдайды. Бизнеске ақша салуды түсінбеген "кәсіпкер" бар қаржыны досына сеніп тапсырған. Алайда көп ұзамай акционер болуға шақырған компания дағдарысқа ұшырап, Сильвейн бар мүлкінен айырылған. Сильвейн Морто мұраға қалған ақшасын жоғалтып, 2,6 миллион еуро қарызға кірген.
Француз Фрэнк Ван Брэнинген бай суретші әрі туысы қайтыс болғаннан кейін мұраға иелік етуді ойлайды. Біраз күш-жігердің арқасында қарыз-мұраға ие болғаны туралы білгеннен кейін, оны төлеуге тырысқан. Дегенмен Фрэнк Ван Брэнинген туысының 12 миллион еуроны құрайтын берешегін өтей алмаған.
Ал елімізде 8,5 млн-ға жуық қазақстандықтың берешегі бар. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Соңғы 2 жылда айлығына қарағанда қарызы көп қазақстандықтардың саны 2 млн-ға жуықтаған. Борышкерлер қарызын уақытылы өтей алмай, 90 күннен кешіктірген.