Bugin

"Тұншықтырған". 81 жастағы әйелді өз үйінде тонағандар ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ult.kz

Алматы облысында екі ер адам қарт әйелді тұншықтырып, тонап кеткен. Полиция қызметкерлерлі әжейге қол көтергендерді ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Еңбекшіқазақ ауданының 81 жастағы жергілікті тұрғынына медициналық бетперде киген белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Екі жігіт егде жастағы әйелдің ауласына кіріп, оны тұншықтырған.

Әжейдің айтуынша "ұрылар" ұялы телефон мен қолма-қол ақшаны қолды етіп үлгерген.

“28 қаңтар күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған. Полиция қызметкерлері істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде”, – деп мәлімдеді полиция.