Bugin
Фото: Associated Press, Emrah Gurel
Түркияның Ыстамбұл қаласында католик шіркеуіне келушілерге шабуыл жасалды. Атыс салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Түркияның ішкі істер министрлігі шіркеуге шабуыл жасады деген күдікпен Ресей мен Тәжікстанның екі азаматын ұстаған. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген 47 адам күдікке ілінген.
Ішкі істер министрлігі басшысының айтуынша, шабуыл жасаған азаматтар «Ислам мемлекеті» (Ресейде тыйым салынған) лаңкестік ұйымымен байланысты болуы мүмкін.
28 қаңтар күні түстен кейін Ыстамбұлдың Сарыер ауданындағы Әулие Мария католиктік шіркеуіне бетперде киген екі адам оқ жаудырып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Шабуыл салдарынан бірнеше адам жарақат алып, Турсен Джихан есімді түрік азаматы қайтыс болды.