Bugin

"Ойына келгенді айта бермеуі керек". Жанар Байсеміз Қымбат Досжанның сөзін жоққа шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жанар Байсеміздің парақшасынан

Журналист Жанар Байсеміз Қымбат Досжанның сөзін жалған деді. "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының авторы Оңтүстік Африка Республикасы азаматтары асырап алған қазақ балаларының жағдайы жақсы екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісінде жазба жариялап, тың ақпаратпен бөлісті.

«БАҚ өкілдері ойына келгенді айта бермеу керек. Дәлел, фактпен сөйлеу керек.  ОАР қазақстандық жетім балаларға қатысты тараған жалған ақпарат ел ішінде дүрбелең туғызып жатқан соң, өз парақшам арқылы осы мәліметтерді жариялап отырмын.  Еліміздің Сыртқы істер министрлігі, оның ішінде елшіліктер, дипломаттар өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқарып жатыр», — деп жазды Жанар Байсеміз.

Оның сөзінше, Оңтүстік Африка Республикасындағы ҚР Елшілігінде консулдық есепте 31 қазақстандық жетім бала тіркелген. Қазір балалар кәмелеттік жасқа толып кеткендіктен консулдық есептен шығарылыпты. Олар енді ОАР азаматтары ретінде санақта тұр.

Оңтүстік Африка Республикасы — Африкадағы ең дамыған ел (интернеттен оқып алыңыздар). ОАР-дағы отыз шақты баланың 11-і қазақ», — деп жазды журналист Жанар Байсеміз.