Bugin
Фото: видеодан скриншот
"Уәде" бағдарламасына "Respublica” партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров қонақ болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.
Ол “Ақжол” партиясы мен “Республика” партиясын салыстырған сауалға:
“Біз тарихымызда әрдайым Алтынбек Сәрсенбаевтың, Әлихан Байменовтың мысалына келеміз. Бізде басқа партиялар бар ғой. “Нұр Отан” бар. Бір ғана төрағасы болды. Алып бара жатқан нәтижесі жоқ”,-деді.
Журналист партияның қазір “Аманат” аталып кеткендігі туралы ескерткен еді. Спикер өзінің нақты партияның “Нұр Отан” кезінен мысал келтіргісі келетініне сыңай білдірді. Ол:
“Аманаттың” нәтижесін көріп қалатын шығармыз. Бірақ “Нұр Отанның” нәтижесін көрген жоқпыз. “Ақжол” партиясында бір ғана төраға. Сіз “адамдар жиналды, қолынан түк келмеді” дейсіз. Ырду-дырду болды дейсіз. Басқа партиялар халықтың жағдайын жақсартты ма? “Республика” партиясын бақылап жүріңіз, міндетті түрде нәтиже көрсетеміз”,-деді.