Bugin

“Нұр Отанның” нәтижесін көрген жоқпыз: “Республика" төрағасы тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

"Уәде" бағдарламасына "Respublicaпартиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров қонақ болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ол “Ақжол” партиясы мен “Республика” партиясын салыстырған сауалға:  

 “Біз тарихымызда әрдайым Алтынбек Сәрсенбаевтың, Әлихан Байменовтың мысалына келеміз. Бізде басқа партиялар бар ғой. “Нұр Отан” бар. Бір ғана төрағасы болды. Алып бара жатқан нәтижесі жоқ”,-деді.

Журналист партияның қазір “Аманат” аталып кеткендігі туралы ескерткен еді. Спикер өзінің нақты партияның “Нұр Отан” кезінен мысал келтіргісі келетініне сыңай білдірді. Ол:

“Аманаттың” нәтижесін көріп қалатын шығармыз. Бірақ “Нұр Отанның” нәтижесін көрген жоқпыз. “Ақжол” партиясында бір ғана төраға. Сіз “адамдар жиналды, қолынан түк келмеді” дейсіз. Ырду-дырду болды дейсіз. Басқа партиялар халықтың жағдайын жақсартты ма? “Республика” партиясын бақылап жүріңіз, міндетті түрде  нәтиже көрсетеміз”,-деді.