Bugin
Фото: Бекарыс Шойбековтың жеке парақшасынан алынды
“Turkistan International Airport” ЖШС-ға сыйақыға берліген ақшаға байланысты дау туындады. Желіде тараған видеода танымал айтыскер ақын, депутат Бекарыс Шойбеков 25 миллиард теңгенің орынсыз жұмсалғанын алға тартқан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Видеода Бекарыс Шойбеков ЖШС басшысына “басқарғаны үшін” берілген 25 миллиардтың орынсыз екенін айтқан:
“Басқарушыға берілген 25 миллиард “басқарғаны үшін” сыйақы ол не үшін сонда? Біз оны YDA-ға беріп отырмыз ба?” деген.
Ал есеп беріп тұрған жас жігіт барлығы заң аясында деп шектелді.
“Біз барлық шығынды төлеп отырмыз. Қызметкерлердің айлығын төлеп отырмыз. Әуежайды салып отырмыз. Маған берсеңіз, 25 миллиардты, мен басқарып берейін”,-деп айтқан.
Оқиғаны мына сілтемеден көре аласыздар.